Ежелде қазақ халқында қыз ұзатуға байланысты салт өзгеше болатын. Қызды ұзату тойынан кейін бірер күн, кейде тіпті бір аптаға дейін ентігін бастырып, ел-жұртымен асықпай қоштастырып ұзататын. Қазіргідей тас қараңғы түнде (неге екенін, түнгі 12-ге жеткізбей) онсыз да ұзатылар қызды алды-артына қаратпай ала қашу атымен болмаған. Ондайды естігендер «жын соғып, сайтан қуып келе ме, әлде қыздарынан құтыла алмай отыр ма?» деп сынаған. Қараңғы түнде қашқан қыз ғана кететін болған. Айтайын дегенім, ата-дәстүрімізді қайта жаңғыртуға қалай қарайсыз, оқырман? Қызды күндіз-ақ ұзатып, қалауы бойынша туған жерінде 1-2 күн қалдырып аттандырсақ, оңдысы сол емес пе?
Жарқын СӘЛЕНҰЛЫ, журналист.
Алматы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- 5 мамыр, 2026
Биыл Орталық Азиядағы алғашқы ЖИ университеті ашылады
- 5 мамыр, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




