Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды. Президент бұл мақалада қазақ ұлтын, руханияты мен мәдениетін әлемге Абай арқылы таныту керектігін баса айтады. Сонымен қатар ақын мерейтойын лайықты атап өтудің бағыттары, жүйесі, жолдары нақты көрсетілген. Абайдың ел тарихы мен руханиятына өшпес із қалдырғаны баршамызға мәлім. Абай шығармаларынан үзінді оқу эстафетасына, оның өзектілігіне, тағылымды тұстарына мән беріледі. Абай шығармаларының білім беру мен тәрбиелеу ісіндегі алатын орнына, тіл үйрену бағытына басымдық қойылған. Мақала мазмұнын құрайтын айтулы іс-шараларға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі де белсенділік танытуда. Облыстық білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Атасы асыл сөздің – ақын Абай» тақырыбында облыстық колледжаралық Абай оқулары байқауын өткізу дәстүрге айналған. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өзіндік челленджге айналып, біздің колледж оқытушылары мен студенттері де оған зор қызығушылықпен қатысты. Ғұламаның 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында өткізілетін іс-шаралар да халыққа кеңінен насихатталып, жастардың ғылым мен білімге, ізденушілікке қызығушылығын арттыратынына кәміл сенеміз.
Айдархан БИНАЗАРОВ, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің директоры.
Тараз.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді