«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ауызсу «жыры» қашан бітеді?

Ауызсу «жыры» қашан бітеді?
ашық дереккөз
Ауызсу «жыры» қашан бітеді?

«Ақбұлақ» бағдарламасымен Ақкөл ауылына да су жүйесін жүргізіп, халыққа ауызсу берілу керек-ті. Бірінші кезеңде 5 миллион теңге қаражат бөлініп, Ақкөл көлінің суын тазартып береміз деп, құрылысты созды. Ақыры, халыққа берілген су жоқ, қаражат мақсатына жетпеді. Екінші кезеңде 58 миллион теңге бөлініп, «10 шақырым су құбыры жөнделді» деді. Алайда, берілген су жоқ, осылайша қаражат желге ұшқанмен тең болды. Уақыт өте келе үшінші кезеңге де жеттік. Халықтың игілігіне 183 миллион теңге бөлініп, оны игеруді Шымкент қаласының фирмасы жеңіп алды. Көше-көшелерді қазып-қазып, аяғында бар көшені қоқыс қып, қаражатты дорбалап олар кетті. Төртінші кезеңге 2011 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 296 миллион теңгені Тараз қаласындағы «Ақ-Барс» фирмасы жеңіп алып, үймек үстіне үймек қосып, қиюы кеткен көшенің сиқын кетіріп, бұлар кетті төбесін көрсетпей. Үкіметтің қаржысы «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кете барды. Халыққа ауызсу берілмегені айдан анық. Бұл үлкен құрылыстың басы-қасында жүре тұра, осыншама қаражаттың мақсатына жетпегенін біле тұра еш құзырлы мекеменің іздеу салмауы қалай? Біздің білгіміз келетіні, Ақкөл ауызсуының «жыры» қашан бітеді?..

Нұрғазы Шеңгелбай.

Ақкөл ауылы, Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар