ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында жастар және жасөспірімдер арасындағы «Make it possible» республикалық спартакиадасы өтті. Спартакиада да облыс құрамасының сапында біздің «Үміт» мектеп-интернатының оқушылары да болған еді. Олардың алтауы спартакиаданың жеңімпаз және жүлдегерлері атанып қайтты. Тоғыз құмалақтан қыздар арасында Әсел Мұсаева чемпион атанса, қол күресінен қыздар арасында Әсемай Әштейбекке ешкім тең келмей, бір деммен бірінші орынды иеленді. Тоғызқұмалақтан ұлдар арасында Бексұнтай Найманов екінші орынды иеленсе, асық атудан Адам Ерболатұлы күмістен алқа тағынды. Сондай-ақ бес асық (шекемтас) сайысында Айсәуле Серданова, қол күресінен ұлдар аламанында Қайсар Садық қола жүлдеге қол жеткізді. Балаларды спартакиадаға баптаған жаттықтырушылар Бекбота Тапелов пен Ардақ Итемгенованың еңбегі ерен. «Үміт» мектебінің спортшы оқушыларына Талас ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерік Мамадияров ерекше қолдау білдіріпті. Жеңімпаз және жүлдегер оқушыларды аталған «Үміт» мектебінің директоры Фариза Қазыбек аудан шекарасынан қарсы алып, құрмет көрсетті.
Бағдат Рүстемова, облыстық «Үміт» мектеп-интернатының тәрбиешісі.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




