Мемлекетіміздің жемқорлыққа қарсы күреске қағидаттық ұстанымын білдіретін 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданғаны белгілі. Осылайша басты назар сыбайластықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылып отыр.
Биыл Елбасы тапсырмасына сәйкес тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатында барлық өңірде «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері құрылған болатын. Облысымызда құрылған «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жыл басынан бері бекітілген жоспарға сәйкес білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету, автомобиль жолдары, полиция және тағы басқа салаларда жүйелі жұмыстар жүргізуде. Оқу орындарындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындары мен кәсіптік техникалық білім беру мекемелеріндегі бірыңғай ұлттық тестілеу, магистратураға түсу бойынша өткен емтихандар барысына қоғамдық бақылау жүргізілді. Сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында әрбір салаға қатысты іс-шаралар да назардан тыс қалған жоқ. Аталған жұмыстарға арнайы мониторингтік топ өкілдері, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері, департамент пен әкімдік қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысуда. Агенттіктің 1424 Call-center орталығы тұрақты жұмыс істейді. Бүгінге дейін Call-center орталығына әртүрлі құқық бұзушылықтар туралы 768 азаматтың өтініші түскен, олардың ішінде 30-ы біздің облыс аумағында жасалған заң бұзушылықтар. Түскен өтініштерге жүргізілген талдауға сәйкес, көп жағдайда азаматтар әкімшілік және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне, одан кейін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты шағымданады. Өтініштердің мәніне көңіл аударатын болсақ, көбінесе лауазымды адамдардың ақша талап ету деректері тіркелген. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында тағы бір жоба жүзеге асырылуда. Ол – ашық бюджеттердің интерактивті картасы жобасы. Карта халыққа бюджеттік шығындар туралы маңызды мәліметтерді қолжетімді және түсінікті етіп көрсеткен ақпарат көзі болып отыр. Қазіргі қоғамдық бақылаудың тиімді механизмі де – осы. Нақты уақыт режимінде әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу және күтуге бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті де содан табуға болады. Тіпті мердігерлер, бөлінген қаржы, құрылыстың мерзімі, кепілді міндеттемелер, асфальт төсемінің қалыңдығы туралы ақпаратқа да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кез келген адам осы процестерді тәулік бойы бақылай алады, оларды құжаттамамен тексеріп, сәйкессіздіктер туындаған жағдайда тиісті фотолар мен бейнематериалдарды тіркей отырып, мемлекеттік органға хабарлай алады. Бұл жоба облысымызда https://publicbudget.kz/ сайтында іске қосылмақшы.
Нұржан ҚОШАМБЕКОВ, Азаматтарға арналған үкімет МЕАҚ облыс бойынша филиалының құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді