«Аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны дұрыс»

«Аз сөйлеп, айналасына  ақылмен танылғаны дұрыс»
ашық дереккөз
«Аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны дұрыс»

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың қыздарға айтқан ақылы:* Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр. * Ауыз шешендік әркімде болады. Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп, көп сөйлемегені абзал. Өйткені қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы — бәрі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны дұрыс. * Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді. * Ақыл анадан тарайды, адамгершілік әйелден басталады, қыздан – қылық, тәрбие, тәлім туындайды. Табиғат сыйлаған осы бір өзгеше өнерді қастарыңда қаумалап жүрген жігіттерге игі әсер етуге жұмсаңдар. Жігіт – жаныңда жүрсе жолдасың, жауға жұмсасаң – жолбарысың. * Қыздар, жігіттерді ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттердің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттермен бұйдалап алып, оларға айтқандарыңды істетіңдер: арақ ішкізбеңдер, айқайға жуытпаңдар. * Қыздар, ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар! Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер! * Апиын ішкендей елтіп, сәнге еліктей бермеңдер. «Жылтырағанның бәрі алтын емес» дегендей, жарқырағанның бәрі бірдей сән емес. * Қыздар, желкілдеген жеңілтек болмаңдар! Желпілдек қызды жебір жігіттер жентектеп ауыздарына бір-ақ қылғыта салуға құмар келетінін ұғыңдар, ұмытпаңдар… Сабырлы болыңдар, салиқалы болыңдар, салауатты болыңдар!

Ұқсас жаңалықтар