Айбол мен Ғалымжан – жеңімпаз!
Қызылордадан да қуанышты хабар жетті. Онда қазақ күресінен ел чемпионаты өтіп жатыр. Оған еліміздің ірі қалалары мен барлық облысынан мықты балуандар жиналған еді. Бұл сынға облыс құрамасын аға жаттықтырушы Елдос Далабай бастап барды. Әзірге 90, 100, 100 килограмнан жоғары салмақтарда балуандар бәсекесі мәреге жетті. Жалпы бұл сында өңіріміздің намысын 23 балуан қорғап жатыр. 100 килограмнан жоғары салмақта жерлесіміз, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Ғалымжан Қырықбай чемпион атанса, 90 келіде тараздық Айбол Айтбек те алтыннан алқа тағынып, қуантты. Сонымен, әзірге қоржынымызда – қос алтын. Алдағы уақытта басқа да жерлестеріміздің топтан озып, жүлде алатынына сеніміміз мол.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




