Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Тараз-Арена» спорт сарайында шағын футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты республикалық турнир өтті. Іс-шара облыстың 80 жылдығына арналды. Турнирдің ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сөз сөйлеп, барлық командаға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Түркістан облысында аудан әкімі болған Әлмахан Аймұрзаев, кәсіпкер Инаят Қырықбаев, спорт жанашыры Әзімбек Тілешов те жылы лебізін білдірді. Бұл турнирге Нұр-Сұлтан мен Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстардан 33 әулеттен футбол командалары қатысты. Өңірімізден оннан аса команда қатысып, бақтарын сынады. Олардың арасында әулиеаталық Байшақовтар, таластық Қалаубековтер, тараздық Мәуленовтер, Ахметовтер командаларының да сәтті өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. Дегенмен, төрешілер шешімімен шын мықты анықталды. Шешуші ойында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданынан келген Жолдасовтар командасы қаратаулық Құлахметовтер командасын ұтып, жеңімпаз атанды. Құлахметовтердің еншісінде – күміс жүлде. Қола жүлде Алматы облысынан келген «Тарғап» отбасылық командасына бұйырды. Жарыс қорытындысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысып, жеңімпаз және жүлдегер командаларды марапаттады.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




