Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дана Құрманбек құрғақ сарысу өндіруді жоспарлап отыр. Ол бұл бизнес-жобасын іске асыру үшін қаржы көздерін де қарастырып, мәселені шешіп алған. Оқушының бизнес-бастамасына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетіп отыр. Жобаны жүзеге асыру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2 миллион теңге қаржы бөлінбек. Жасыратыны жоқ, Қазақстанға құрғақ сүт сарысуы Ресей мен Беларусь мемлекеттерінен тасымалданады. Қосымша шығындардан арылу үшін оны елімізде өндіру керек. Жас зерттеушіге идея осыдан туған. «Құрғақ сарысу 150-ден астам өнім түрлерін шығаруда қолданылады. Олардың қатарында косметикалық және фармацевтикалық құралдар, шұжық және кондитерлік өнімдер, балмұздақтың түрлері бар», – дейді жас өнер-тапқыш. Назарбаев зияткерлік мектебінің экономика пәнінің мұғалім-модераторы әрі жетекшісі Әлия Жусанбаева алғаш тәжірибе ретінде мектеп базасында сүт өнімдерінің қалдықтарын қайта өңдеу арқылы құрғақ сарысу өндіріп көргендерін айтады. «Егер бұл жоба толық іске асса, ол ел экономикасына пайдасын тигізеді», – дейді ол.
Камила БОРАШОВА, журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- 5 мамыр, 2026
Биыл Орталық Азиядағы алғашқы ЖИ университеті ашылады
- 5 мамыр, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




