Футболдан Қазақстан премьер-лигасының аяқталуына бір ғана тур қалды. 32 турда «Тараз» Қызылорданың «Қайсар» футбол клубын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Сол арқылы өзіне тиесілі 10 орынды сақтап қалды. Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы сырт алаңда Атыраудың «Атырауын» жеңді. Соның арқасында «Тараз» дәл қазір мұнайшылардан 3 ұпай алда тұр. Алайда бұл «Тараздың» оныншы орынға нақты тұрақтағанына кепілдік бере алмайтын нәтиже. Өйткені бәрі де соңғы турда шешімін табады. Егер «Тараз» футболшылары соңғы кездесуде «Ордабасы» футбол клубынан тым болмаса бір ұпай алса (үшінші орынға таласып жатқан «Ордабасы» үшін бір ұпай да маңызды), онда «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы ойынға назар аударудың түкке де қажеті жоқ. Өйткені «Атырау» «Таразды» қуып жете алмайды. Ал «Тараз» жеңіліп, «Атырау» жеңіске жетіп жатса қос команданың ұпайы теңеседі. Бұл жағдайда доп айырмасын есептеуге тура келеді. Қазіргі кезде «Атыраудан» үш ұпай алда тұрған «Тараз» футболшылары доп айырмасы бойынша да жақсы көрсеткішке ие. +3 гол әзірге «Таразды» алға сүйреп тұр. Бұл әрине көңіл көншітеді. Әйтсе де «Тараз» футболшылары соңғы турда «Ордабасыдан» ірі есеппен жеңіліп, «Атырау» «Қайратты» осындай есеппен жеңсе, онда «Тараз» төменге сырғиды. Әрине, тәжірибелік жағынан бұл мүмкін емес көрінгенімен, теориялық тұрғыдан мүмкін. Сондықтан әліптің артын баққан жөн. «Тараз» оныншы орын алған жағдайда премьер-лигадағы орнын нақты сақтап қала алмайды. Дұрысы, премьер-лиганың жалғыз жолдамасына таласады. Бірінші лигада үшінші орын иеленген Оралдың «Ақжайық» футбол клубы сол жолдама үшін таласатын қарсыласын күтіп отыр. «Тараз» сол «Ақжайықтың» қарсыласы болуға ниетті.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Ауданға еңбегі сіңген абыройлы азамат
- 17 қыркүйек, 2024
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді