Жаңалықтар
Құпиясөздер көмектеспейді: Киберқылмысқа қалай тосқауыл қоюға болады
- author «Ақ жол»
- 1 қараша, 2019
- 559
Құпиясөздер көмектеспейді: Киберқылмысқа қалай тосқауыл қоюға болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда жеке мәліметтердің ұрлануы рекордтық деңгейге жеткен. Алаяқтықтың алдын алу қызметі былтыр 190 мың жағдайды тіркеген. Қылмыскерлер көбіне құпиясөздерді дәл тауып әрекет еткен. «Цифрлық өмірде жеке ақпаратты енді қалай қорғай аламыз?», деп жазады ВВС. Gartner зерттеу компаниясы хабарлағандай, 2022 жылға қарай барлық ірі команиялар құпиясөздерге тәуелділіктен 60% арылатын болады.
«Құпиясөз алаяқтар қолданатын ең қарапайым әдіс. Адамдар оңай есте сақталатын парольді таңдайды, сәйкесінше, оларды бұзу да оңай», - дейді биометриялық сәйкестендіру қызметінің маманы Джейсон Тули. Оның айтуынша, құпиясөзден бас тарту тек қауіпсіздікті ғана күшейтіп қоймай, IT бөлімдерге құпиясөзді қайта қалпына келтіруге уақыт жұмсамауға мүмкіндік береді.
Еуроодақ енгізген жаңа ереже бойынша, төлем жасау директивасында клиенттің биометриялық немесе тек өзі ғана білетін (пин код) мәліметтерін қолдану бекітілген.
2019 жылы жүргізілген халықралық жаһандық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қазіргі таңда биометрияға қызығушылық артқан. Банктердің 67% қазіргі таңда саусақ таңбасы, дауыс немесе бет пішінді тану секілді биометриялық жүйелерге инвестиция салған.
«Дегенмен, Шанхайда өткен киберқауіпсіздік конференциясында биометриялық мәліметтердің де ұрлануы мүмкін екені белгілі болды. Мысалы, саусақ таңбасының бірнеше метрден түсірілген суреті жүйені оп-оңай алдай алады», - дейді мамандар.
Олардың атап өтуінше, қауіпсіздікті арттыру үшін бірнеше факторды қамтитын қорғанысқа басымдық беру керек. Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




