Аязбек деген сөзшең, тапқыр кісі Көшек батыр ауылының тұрғыны болған екен. Көзінде ақауы бар, зағип кісі көрінеді. Өзі ауылда кішігірім қызмет істесе керек. Бір жолы облыс пен ауданнан комиссия қатар келіп қалады. Ауыл жақсылары жабылып келген өкілдерді күтіп жатыр дейді. Аяғының ұшымен басып, жүгіріп жүрген адамдар. Содан әлгілер қайтатын кез жақындапты. Өкілдер кететін сыңай білдіріпті. Сонда Аязбек оларға: «Қане, үшеуміз өзімізше бір алып жіберейікші» деп, үшеуі бірге тост көтеріпті. Сыртқа шыққан соң, бір қалтарыста ауданның өкілі: «Аға, Аязбектің сөзінен нені байқадыңыз?» – депті облыстан келген өкілге сыбырлап. Үлкен өкіл: «Қайдам, ақкөңіл жігіт екен. Жаны қалмай күтіп жатыр ғой» – депті. Сонда аудандағы: «Өзімізше...» деп бізді қатырды ғой», – депті. Облыстан келген кісінің көзі қыли, аудандағы өкілдің көзіне ақ түскен екен. Аязбектің өзінің де зағиптығы бар. Айтқыштың астарлы шымшымасын кеш түсінген облыстан келген өкіл: «Мұндай сөзді де тапқыр адам айтады» деп, Аязбекті қызметінде қалдырыпты.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




