Жер берші

Жер берші
ашық дереккөз
Жер берші
– 10 сотық жер берші. – Оны не қыласың? – Үй салайын деп едім. – Жоқ жер, Кете бер, Керек болса сатып ал. Болмаса былай ет, Сөзге құлақ бұра ғой, Кезекке тұра ғой. – Тұрмын, 10 жыл болды әлі Жер ала алмай қаңғырып жүрмін. Ол кезде 40-та едім, Енді 50-ге келемін Әлі келер емес кезегім. Бұл түріммен жерге жете алмай өлермін. – Ой, сол да сөз боп па? Бәрі кезегімен келеді, Саған да жер береді. – Со кезектің жылжитын түрі жоқ, Тұрмыз сол әлі мыңыншының бірі боп. – Әрине, сен сияқтылар көп. Ауылда тыныш жата бермей
Нең бар қалаға кеп? – Жата берер едім. Ол жақта жерді, Шамасы барлар иеленді. Мен секілді қарапайымдар күйе берді. – Ой, сен соны да сөз қып. Балаларың бар ма? – Бар ғой, бар. 7 бала туды Құдай қосқан жар, Өзі «Алтын алқа» иесі. – Болды жетер. Жердің де бар киесі. * * * Жер ала алмай Төпеннің, Көңілі түсіп, қор болды. Есесіне көкемнің, Жер көлемі мол болды. Бақытжан Советұлы, ақын. Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар