Жаңалықтар
Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан құрамасы 12-орынды иеленді
- author «Ақ жол»
- 28 қазан, 2019
- 190
Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан құрамасы 12-орынды иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында 109 елдің спортшылары бақ сынаған VІІ Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан құрамасы 12-орынды иеленді.
АОСК баспасөз қызметінен хабарлағандай, VІІ Бүкіләлемдік әскери ойындарының биылғы ұйымдастыру комитетінің президенті, ҚХР Орталық әскери комиссияның вице-төрағасы Сюй Цилян Уханьда өткен ойынды жабық деп жариялады. Реклама
"Бұл жарыс әскерилердің кәсіби шеберлігін, нағыз рухты дәріптеді. Бұл ойындар ғажап әрі жаңа белес болды. Спортшылардың Қытай тарихында айрықша із қалдырғанына сенімдімін", - деді ол.Ухань ойындары CISM тарихындағы ең ірі жарыстың бірі болды. Жарыс "достықты нығайту" ұранымен өтті. Жалпы жарысқа 109 елдің 9308 әскериі қатысты. Оның 67-сі – олимпиада және әлем чемпионы. Олар бұл жолғы ойындарда 27 спорт түрі бойынша 329 рекордты жарыс өткізіп, 7 әлемдік рекордты жаңартқан. Ойын қорытындысына сәйкес, Қазақстан Қарулы күштері жалпыкомандалық есепте 12-орынға тұрақтады. Айта кетсек, Қазақстан қоржынында 4 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль бар.
BAQ.KZ Фото: дереккөз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді