Жампоздарымызды күтіп алды
Әуесқой бокстан Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жамбылдық бес боксшы жасындай жарқырағанын газетіміздің өткен санында жазған болатынбыз. Азия біріншілігінде атой салған жампоздарымыз жақында Тараз қаласына оралды. Оларды облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков бастаған топ күтіп алды.Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан Сұлтан Бабахановтың (66 килограмм), Назерке Серіктің (54 килограмм), Валерия Семенованың (70 килограмм), қола жүлдегер атанған Анжелика Цойдың (52 килограмм), Жібек Жарасқызының (66 килограмм) бұл күні жүзі бал-бұл жанып тұрды.
«Жастар аллеясында» өткен чемпиондарды қарсы алу рәсімінде облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков сөз сөйлеп, ел үмітін ақтаған сайыпқырандарымыздың алдағы уақытта да жеңістің биік тұғырынан көрінулеріне тілектестігін жеткізді. Өз кезегінде жүлдегерлер қолдау білдірген барша азаматтарға алғыстарын айтты.
Азия чемпионатында біздің облыстың боксшылары 3 алтын, екі күміс жүлде иеленгені – зор табыс. Бұл додаға өңір боксшыларын облыстың аға жаттықтырушысы Ержан Жарқымбеков дайындаған. Сондай-ақ боксшыларымыздың оң нәтиже көрсетуіне ықпал еткен бапкерлер қатарында Бауыржан Асқаров та бар.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




