Үлкен теннистегі үлкен дулығалы жарыстардың маусымдағы нүктесін қоятын «US OPEN» яғни, АҚШ ашық біріншілігі басталып кетті. Жалпы қоры 34 миллион доллардан асып жығылатын турнирде теннисшілердің әр жеңісі үшін де қомақты қаржы беріледі. Бұл бәсі биік додаға қатысып жатқан қазақстандық теннисшілердің дені бірінші кезеңнен әріге аса алмады. Мәселен, отандасымыз Александр Недовесов алғашқы айналымда ирландиялық Джеймс Макгиге үш сеттің қорытындысы бойынша есе жеберсе, ерлер арасында сынға түсіп жатқан тағы өзге теннисшілеріміз Андрей Голубев пен Михайл Кукушкин де қарсыластарынан айласын асыра алмады. Ал қыздар арасында жарыс жолына шыққан еліміздің екінші ракеткасы Ярослава Шведова да румын қызы Моника Никулескудың алдында дәрменсіздік танытты. Моника Никулеску мықты теннисшілердің санатына кірмегенімен, біздің отандасымызды қиындықсыз ұтып кетті. АҚШ ашық біріншілігінде әзірге үмітімізді бір ғана теннисшіміз ақтап тұр. Әлемдік рейтингте үздік елуліктен ойып тұрып орын алған Зарина Диас өзінің шын мәнісінде мықты теннисші екенін дәлелдеп келеді. Ол алғашқы айналымда украиналық Лесси Цуренконы 6-1, 6-2 есебімен айқын жеңді. Алғашқы сетте тіпті қарсыласын теннистік баранкамен жеңуіне де болушы еді. Тек соңғы геймдердің бірінде тынығып алып, қарсыласына бір ұпай ұстатты. Екінші кезеңде де қазақтың қара қызы екі бірдей брейк жасап, өзінің басымдылығын айқындады. Енді Зарина екінші айналымда 15 жасар америкалық теннисші Кэтрин Бэллиспен кортқа шығады. Зарина Диас бұған дейінгі үлкен дулығалы жарыстардың бірінде төртінші кезеңге дейін жеткен болатын.
Табиғат АБАИЛДАЕВ,
«Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді