Екі канадалық ұлттық лотереядан 3,8 млн доллар ұтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық лотереяның 5 миллион канадалық доллар көлеміндегі ($3,8 млн) джекпотын ұтқан екі Канада тұрғыны бұл ақшаны теңдей бөліп алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы жексенбіде ұтыс ойынын өткізетін OLG компаниясының өкілдері мәлім етті.
« Түскен нөмірлер - 2, 16, 28, 47, 48 және 49. Бонус-саны - 35», -деп нақтылады ұйымдастырушылар. Қазіргі уақытта белгілі болғандай, ұтыс билетінің біреуі Онтарио провинциясында сатылған, екіншісі - Квебек провинциясында.
Бұдан басқа, бір миллион канадалық доллар көлемінде ($760 тыс.) жұбаныш жүлдесі ойнатылған. Ол Канаданың батыстағы провинцияларының бірінің тұрғынына бұйырды.
Ұлттық лотереяның ережесіне сәйкес, сыйлықты алу үшін ұтыс иесі билетін ұйымдастырушыларға міндетті түрде көрсетуі тиіс, ал жеңімпаздың кім екендігі жұртшылыққа айтылуы керек. Бұл жолғы ұтыс екі ойыншыға теңдей бөлініп беріледі. Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді