Головкин әлемнің үздік боксшыларының бестігіне енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WorldBoxingNews.net сайты салмақ санаттарына қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тізімнің алғашқы сатысында украиналық Василий Ломаченко тұр, екінші орынға Мексика өкілі Сауль Альварес орналастырылған. Үздік үштікті АҚШ боксшысы Эррол Спенс түйіндеп тұр.
IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жетіншіден бесінші орынға көтерілді. Еске салайық, GGG 6 қазан күні өткен титулдық жекпе-жекте украиналық Сергея Деревянченконы жеңген болатын. Рейтингтің ТОП-ондығына енген спортшылар: 1. Василий Ломаченко 2. Сауль Альварес 3. Эррол Спенс 4. Мэнни Пакьяо 5. Геннадий Головкин 6. Наоя Иноуэ 7. Теренс Кроуфорд 8. Александр Усик 9. Хуан Франсиско Эстрада 10. Тайсон Фьюри. ⠀ Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді