Шу ауданының тұрғынынан 4 қап марихуана табылды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Жаңажол ауылының 40 жастағы тұрғынынан 56 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Күдікті «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Шу ауданы Бесқатын учаскесінің алдындағы аймақта қолға түскен. Есірткі өткізуші ашронды (есірткі сақтау орнын) қазу кезінде жалпы салмағы 56 келі 800 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты бар төрт қап табылған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
«Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Каннабистік топтағы есірткіні дайындаумен және шығарумен айналысатын адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған «Көкнар-2019« жедел алдын алу іс-шаралары құрамында есірткі бар өсімдіктердің жетілу кезеңінде жоғары белсенділікпен жүргізіледі»,-дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




