Қазақстан-Ресей: екі ел арасында ешқандай күрделі мәселе жоқ
- author «Ақ жол»
- 10 қазан, 2019
- 489
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады, сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты. Мемлекет басшысы Сергей Лавровтың Қазақстан астанасына ресми сапармен келуі екі жақты қарым-қатынастарға қосымша серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар Президент Сочидегі Валдай форумынан алған әсерімен бөлісіп, жиынның жоғары деңгейде өткенін айтты. – Біздің елдеріміздің арасында ешқандай күрделі мәселе жоқ. Қазақстан мен Ресей сияқты әріптестер үшін солай болуы да заңдылық. Біз одақтастығымызды бекітіп және дамытуға ниетті стратегиялық әріптестерміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сергей Лавров Мемлекет басшысына Қазақстан-Ресей арасындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылып жатқаны туралы мәлімет берді. Сонымен қатар ол екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөздерінің қорытындысы туралы айтты. – Біздің пайымдау-ымызша, байланыс-тарымыздың дамуы жақсы. Қарым-қатынастарымыздың дамуына жоғары деңгейде берілген серпін, біз үшін барлық бағыттағы өзара іс-қимылдарымызға бағдар болуы тиіс, – деді ресейлік дипломат.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




