М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен облыстық жекпе-жек сайысы федерациясының ұйымдастыруымен төрешілердің семинары өткізілді. Семинарға өңірдегі күштік құрылымдардың қызметкерлері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаменті, полиция департаменті, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қызметкерлері, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Семинар теория және тәжірибелік бағыт түрлері бойынша ұйымдастырылды. Барлық құрылымдар өздерінің жекпе-жек сайыс түрлеріне қаншалықты машықтанғандарын көрсетті. Спорт төрешілері де өз тәжірибелерін, шеберліктерін ортаға салды. Түрлі тәсілдерге қалай амал жасау керегін үйретті. Семинар жұмысын республикалық жекпе-жек сайысы қауымдастығының вице-президенті Ринат Абикешов қорытындылап, облыстық жекпе-жек сайысы федерациясы, облыс әкімдігі ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт басқармалары бірлесіп жүргізіп отырған жекпе-жек сайысты насихаттау жұмыстарына оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол іс-шараның өтуіне жағдай жасаған М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің басшылығына алғысын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




