«Достук» ордені Жошыбаевта
Қырғыз президенті жерлесіміз Сейтхан Жошыбаевқа мемлекеттік награда тапсырды Қырғыз елінің президенті Сооронбай Жээнбеков «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Қырғыз елінің және бірқатар шет мемлекеттердің әр саладағы қайраткерлерін марапаттады. Солардың қатарында Тараз қаласындағы «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының» басшысы Сейтхан Жошыбаевқа да мемлекеттік награда тапсырды.
Жерлесіміздің жүздеген қырғыз бауырларымыздың өмірін сақтап қалғаны, Қырғыз елінің медициналық кадрларын тәрбиелеуге қосқан айрықша үлесін ел билігі ескеріп, «Достук» орденімен марапаттады. Таразда тұрып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп, өзге елдің де алғысы мен құрметіне бөленген ақ халатты абзал жанға еңбегінің жемісі таусылмауын тілейміз.
«Аq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




