Мойынқұм ауылында тұратын Боранкүл Сатова деген жеңгеміз аңғал, сенгіш, ойында арамдығы жоқ кісі еді. Бірде ол кісі жамбасы сынып, Тараздағы ауруханалардың біріне түседі. Жеңгейге ота жасалады. Бір-екі күннен соң Саламат көкеміз кемпірінің артынан баратын болады. Көкемде де, жеңгемде де ұялы телефон бар екен. Көкеміз кешігеді. Оған шыдамаған Боранкүл жеңешем шалының ұялы телефонына қоңырау шалады. Сол-сол екен арғы жақтан орысша сөйлеген әйелдің дауысы естіледі. Сонда жеңгей телефонын қоя салып, «Мынау, орыс келіншекке телефонын беріп қойыпты ғой», – деп өкпелеп қалыпты. Артынша бір баласы жағдай сұрап барған екен. – Менің жағдайымды қайтесіңдер? Анау әкелеріңді түзеңдер. Осы жасқа келгенде менің жоғымды пайдаланып, орыс келіншекпен сөйлесіп жүр, – деп «бомбыдай» жарылыпты. Баласы қоңырау шалса, әкесінің телефоны өшірулі екен, арғы жақтан: «Бұл нөмір уақытша сөндірулі, кейінірек хабарласыңыз» деп оператор орыс келіншек хабарлайды. Мән-жайды сонда түсінген баласы: – Апа, «шалыңыздың» телефоны сөніп тұр. Оператор орысшалап соны хабарлаған екен, – деп түсіндіріпті. Сонда Боранкүл жеңгеміз: – Қайдан білейін, әдірем қалғыр, ондайын қазақша айтпай ма? Шалымыз екеуміз ажырасып кете жаздадық қой, – деген екен.
Асылхан ШҮҢІРЕКОВ.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




