«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Ақылды білезік»

«Ақылды білезік»
ашық дереккөз
«Ақылды білезік»

Үйде отырып түздегі баланы қадағалау

LG компаниясы KizON дейтін ақылды білезік жасап шығарды. Аталмыш білезік ата-аналарға балаларын қадағалауына мүмкіндік береді. Яғни, осы білезік арқылы ата-аналар балаларының қайда жүргенін бақылай алады. Білезікке 3G, Wi-Fi және GPS сымсыз құрылғылары орнатылған. Бұған қоса, білезік арқылы хабарласу мүмкіндігі бар. Бала біреумен хабарласса, он секундтан кейін ата-анасына автоматты түрде дабыл беріледі. Ата-анасы баласының кіммен байланысқанын, кіммен хабарласқанын алыстан бақылап, сөздерін тыңдай алады. Білезіктің тағы бір қасиеті, шаң мен ылғалды жолатпайтын материалдан жасалған. Бала кез-келген ауа райында қолына тағып жүре береді. 400 мАч сыйымдылықтағы аккумуляторы 36 сағат бойы білезікті қуат көзінсіз тағып жүруге мүмкіндік жасаған. Егер аккумулятордың қуаты 25 пайызға дейін төмендесе, ата-анасы бұл жөнінде дер кезінде хабардар болады. Өкінішке қарай, бұл білезік әзірге Оңтүстік Кореяда ғана сатылады. Сондықтан қазақ өнертапқыштары осы жағымды жаңалықтың төңірегінде неге ойланып көрмеске?

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар