«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Суретке түсе білесіз бе?

Суретке түсе білесіз бе?
ашық дереккөз
Суретке түсе білесіз бе?

Суретке түсудің де өзіндік қыр-сыры бар. Жақында британдық ғалымдар көп жылғы зерттеулерінің қорытындысын шығарды. Сонымен былай: суретке түсер алдында өзіңіз қаламайтын адаммен қатар тұрмаңыз. Оның теріс көзқарасы көпке дейін сізге деген жағымсыз әсер етуі мүмкін. Көптеген отбасылық фотоальбомдардың алғашқы беті жасы үлкен қариялардың суретінен басталады. Керісінше кішкентай бүлдіршіндердің суретін алғашқы беттеріне, ал соңғы беттеріне жасы үлкен кісілердің суреттерін жапсырған дұрыс. Сонымен қатар, отбасылық альбомның арасынан жаман адамдардың суреттерін алып тастаған жөн. Таныс-білістігіңіз аз болса суретіңізді ешкімге сыйламаңыз. Өйткені, оған қарап қара магияны қолдануы мүмкін ғой. Ажырасып кеткен нәзікжандылар болса, бөлмеде тұрған бұрынғы күйеуінің фотоларын алып тастағаны жөн. Себебі, жаңаша өмір бастау үшін ол кескіннің басқа адамды «жібермеуі» мүмкін. Қайтыс болған адамды да суретке түсіруге болмайды. Сол сәтте өліктің рухы фотоға «еніп» кетуі мүмкін. Сөйтіп көпке дейін рухы тыным таба алмауы ғажап емес. Енді табиғат аясындағы суреттерге келсек: қаратал мен еменнің қасында суретке түсуге болмайды. Емен көпжылдық ағаш болғандықтан, түрлі энергияларды тартып алады. Дұрысы аққайың, алма, шие ағаштарының жанында суретке түсу. Нарцисс гүлі жалғыздықтың, өзімшілдіктің белгісі. Сол себептен де оған жоламауға тырысқан жөн. Бұл британдық ғалымдардың айтқаны. Ал суретке қалай түсу өз еркіңізде ғой.

Айша АРМАНҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар