ЗӘМЗӘМ СУЫ

ЗӘМЗӘМ СУЫ
ашық дереккөз
ЗӘМЗӘМ СУЫ

Зәмзәм құдығы Меккедегі Қағбаның қара тасы тұрған бұрыштан 14,5 метр қашықтықтағы бір бөлмедегі жер астынан 173 сантиметр тереңдіктен шығады.  Мыңдаған жылдардан бері аптап ыстықта қаншама адамның шөлін қандырған бұл су ешқашан азайған емес және таусылмаған да.

Қазіргі технология бойынша жүргізілген зерттеулер де оның сырын аша алар емес. Моторлар арқылы кішкентай ғана құдықтан шығып тұрған ғажайып суды қажылық парызын өтеуге барғандар да ішіп жүр. Бұл құдық миллиондаған қажыны сумен қамтамасыз етеді. Олардың барлығы өз мемлекеттеріне алып кетсе де суы ортайған емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша бұл су, дүние жүзіндегі ішуге ең жарамды судың бірі болып табылады. АҚШ-та жасалған тест нәтижелері құрамындағы микроорганизмдер мен бактериялары өзгелерде кездеспейтін әлем бойынша бірден-бір су – осы зәмзәм суы екендігін анықтады. Сондықтан болар, АҚШ-та кейбір сусындар мен жемістерді елге кіргізуге тыйым салынғанымен зәмзәм суын әкелуге тыйым салынбаған. Толығырақ айтқанда, зәмзәм суы басқа суларға қарағанда құрамында күкірті аз, минералы көп құнарлы су болып табылады. Онда кальций мен магний тұздарының мөлшері көп. Шаршаған адам суды бетіне бүріккенде ерекше рахаттанып, шаршағаны бірден басылады. Ал аш адамның қарнын тойдырады, шөлдеген адамның шөлін басады. Тағы бір ерекшелігі – құрамында жұқпалы ауруларға қарсы тұратын фтордың болуы. Бір ғажайыбы, судың дәмін бұзатын биологиялық құбылыстар зәмзәм суында болмайды.

Темірлан Екей.

Ұқсас жаңалықтар