Аспан асты елінің Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында еліміздің намысын 63 келі салмақта абыроймен қорғаған зілтемірші ару Татьяна Капустина қола жүлде иегері атанды. Таня қоссайыс қорытындысы бойынша 228 (жұлқа көтеруде-105 кг, серпе көтеруде -123 кг) келілік зілтемірді ырқына көндіріп, негізгі қарсыластарының алдын орап кетті. Күміс алған ресейлік Светлана Чербакова да 228 келілік зілтемірді көтерген болатын. Алайда, оның салмағы Капустинадан шамалы аз болуына орай күміс медаль алды. Алтынды 244 килограмды көтерген таиландтық зілтемірші Чаиди Дуангансорн иеленді. Ол осы жарыстың басты фавориті саналған-ды. Әзірге дзюдошыларымыз жалқы алтынды еншілесе, зілтеміршілер қос қола медальді жеңіп алды. Боксшыларымызда бүгінгі таңда екі медаль бар екені анық. Әрине, алтынға айналса деген де арман бар. Сондай-ақ бір боксшымыз қола медаль үшін рингке шығады. Бұдан бөлек балуандарымыздан да үміт күтіп отырғанымыз жасырын емес. Нанкин жері қазақ спортшыларына олжалы болатын сияқты...
Табиғат Абаилдаев,
«Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




