Футболдан Қазақстан пермьер лигасының екінші кезеңі басталды. Үздік алтылық жүлделі орындарды өзара сарапқа салса, аутсайдер алтылық премьер лигадағы орнын сақтап қалу жолында күресті жалғастырады. Екінші кезеңнің алғашқы турында «Тараз» футбол клубы «көршілері» Семейдің «Спартагына» қонаққа барып, тең түсті. Көрші болғанда біз «Спартакты» шымкенттік «Ордабасыға» теліп отырғанымыз жоқ. Қос команда турнир кестесінің соңғы екі орнында тұрғандықтан амалсыз «көршілер» статусын беріп отырмыз. Евгений Яровенко баптайтын «Тараз» ойыншылары «Спартакқа» қарағанда ширақ қимылдады. Бірнеше мардымды шабуыл ұйымдастырған жерлестеріміздің жеңісті жұлып алатын мүмкіндіктері де болған. Алайда, соңғы сәттегі сәтсіздіктер біздің команданың екінші кезеңдегі алғашқы жеңіске қол жеткізуіне мүмкіндік бермеді. Әсіресе, шешуші сәттегі соңғы пастар өтпей-ақ қойды. Алаң иелерінің де гол соғатын мүмкіндіктері болды. Бірақ, біздің қуанышымызға орай олардың шабуыл шебіндегі ойыншылар да мардымды ойнай алмады. Турнир кестесінің 11 сатысында тұрған «Тараз» футбол клубы премьер лигадағы орнын сақтап қалуы үшін қарсыластарынан қалайда ұпай жырып алуы керек. Енді жерлестеріміз екінші алтылықтың көшін бастап тұрған талдықорғандық «Жетісуды» өз алаңында қабылдайды. Орталық стадионда өтетін матчта біздің командаға жеңіс ауадай қажет. Бірінші кезеңнен кейін ұпайлардың екіге бөлінуіне орай қарсыластарымыз бізден қашыққа ұзап кете алмады. Егер командамыз келесі турда жеңіске жетсе, «Жетісудың» өзін маңайлаймыз. Олардың еншісінде 15 ұпай болса, жерлестеріміздің қанжығасында 11 ұпай бар.
Табиғат Абаилдаев,
«Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




