Жаңалықтар
"Тұтқындау керек": Төрешілердің Головкинді жығып бергені жайлы айғақ шықты
- author «Ақ жол»
- 2 қыркүйек, 2019
- 549
"Тұтқындау керек": Төрешілердің Головкинді жығып бергені жайлы айғақ шықты
Сарапшының пікірінше, рематчтың соңында GGG үстемдік танытқанына қарамастан, төрешілер жеңісті "Канелоға" берген
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Америкалық тележүргізуші Бобби Панахи қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің нәтижесіне тағы да наразылық білдірді, деп хабарлайды Sports.kz. Ермахан Ибрайымов: Головкин енді еш уақытта Альвареспен кездеспеу керек Атап айтқанда, сарапшы екінші жекпе-жектің соңында Головкин үстем болғанына қарамастан, төрешілер жеңісті "Канелоға" бергенін еске түсірді.
"Мен рематчтың 12-раундын қайта көріп шықтым. Жеңісті "Канелоға" берген екі төрешіні тұтқындау керек. Олар "Канело" қарсыласының басына соққы жасағанда ұпай берген, бірақ соққы GGG-дің қолғабына тиген", - дейді Панахи.
Екінші жекпе-жек төрешілердің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды. Алғашқы жекпе-жекте боксшылар тең түскен болатын.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




