Облысымызда 5 ауданның суармалы жерін сумен қамтамасыз ететін Талас және Аса өзендерінің сапасы қандай? Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы Жамбыл бөлімшесінің зерттеу жұмыстары қос өзеннің суын тексеру нәтижесі мынаны көрсетті. Су құрамында тұздылықтарының 1 г/л-ге дейін екендігі, қалыпқа сай, сапасының жоғары екендігін білдіреді.
Қазіргі таңда суармалы жерлердің пайдаланбай бос жатқандығы белгілі. Себеп, ағын су тапшы. Бұл келеңсіздік жыл сайын қайталана берсе, суармалы жерлер игерусіз қалатын түрі бар. Сондықтан жерасты суын пайдаланудың маңызы зор. Өзімізде сапалы су қоры бола тұра оны пайдаланбау – шаруаның ретін білмегендік болар еді. Осы қос ауданның аумағында орналасқан бақылау құдықтарынан алынған су сараптамасы нәтижесі ол суларды бау-бақша алқаптарына қолдану арқылы су тапшылығының алдын алуға болатындығын көрсетеді. Бұған жерасты суының сапасына қоса деңгейі де мүмкіндік береді. Бұған қоса су қорын тиімді пайдалану жерасты суының төмендеп, жердің мелиоративтік жай-күйіне де оң әсер етеді. Аталмыш экспедиция осы жыл ішінде жүргізген бақылау нәтижесінде Жамбыл ауданындағы 44737 гектар суармалы жердің 40,7 пайызының жерасты су деңгейі 0-2 метр, қалған 59,3 пайызы 2 метрден төмен орналасқандығын, ал суармалы жерлердің басым бөлігінің жер асты суы тұздылықтары 0-1 г/л, яғни 71,3 пайызды немесе 30900 гектарды құрайды. Қалған 28,3 пайызы немесе 12837 гектарында 1 г/л-ден жоғары. Ал Байзақ ауданында 32553 гектар суармалы жердің жерасты су деңгейі 31 пайызында немесе 10103 гектарында шектеулі деңгейден жоғары 2 метрге дейінгі аралықта, қалған 69 пайызы бұл көрсеткіштен жоғарыны көрсетті. Шөлейт аймақты алып жатқан Талас ауданы суармалы жерлерінің 20,7 пайызы немесе 2785 гектары шектеулі деңгейден жоғары, ал, қалған 79,3 пайызы немесе 10700 гектары 2 метрден төмен. Жуалы және Сарысу аудандарының суармалы жерлерінің басым бөлігінде жерасты суы шектеулі деңгейден төмен, әсіресе Жуалы ауданында ондай жерлер 90 пайызды құрайды. Яғни осы аудандардағы жерасты сулары жердің мелиоративтік жай-күйіне қауіп төндірмейді. Қорыта айтқанда осы аталған аудандардың аумағындағы жер асты суларының сапасы ойдағыдай. Оны егіндікке, дихандыққа кеңінен пайдаланып, суармалы жерлердің көлемін арттыруға болатындығын көрсетіп отыр.
Қажымұқан Қожанов, Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы Жамбыл бөлімшесінің жетекшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді