Бесағаш ауылында жайылған боз кілемде еліміздің барлық облысы және Қырғыз Республикасынан келген балуандар қазақ күресі бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғалымжан Сапарғалиевті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы турнирде белдесті. Бұл додаға әр өңірдің кіл мықтылары қатысып, бәсеке көрігін қыздырды. Турнирге қазақ күресінің жілігін шағып, майын ішкен кәнігі мамандардың дені келіп, балуандардың шеберлігін тамашалап, төрелік жасады. Байрақты бәсекеге қатысқан 21 команда балуандары 8 салмақ бойынша күш сынасты. Нәтижесінде Жамбыл облысы атынан белдесуге шыққан балуандар Д. Асылхан (25 келі, Жамбыл ауданы), Б.Жармұханбетов (51 келі, Жамбыл ауданы), Р.Махмут (57 келі, Жамбыл ауданы), Е.Сабитов (64 келі, Сарысу ауданы) және Ғ.Хабибулла (72 келі, Жамбыл ауданы) барлық қарсыластарын жеңіп, облыс жанкүйерлерінің үмітін ақтады. Қалған 42 және 46 келілік салмақта белдескен қызылордалық Б.Иманзада мен Р.Айтжан және +72 келі салмақтағы бәсекеде қостанайлық А.Сағитбектердің мерейі үстем болып, бірінші орынды иемденді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дүйсенбек ОРМАНОВ, журналист.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




