Ауыр атлет Жасұлан Қалиев қола медальді қанжығасына байлады
Нанкинде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы олимпиадада Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Дзюдошы Бауыржан Жауынтаевтың алтын медалінен кейін ауыр атлет Жасұлан Қалиев қола жүлдегер атанды. Шыны керек, Жасұлан Қалиевтің жүлдегерлердің санатына қосылатындығына күмәнмен қарағандар көп болды. Қос сайысты өзге қарсыластарынан бұрын аяқтаған біздің оғлан амалсыздан басқа атлеттердің нәтижесін күтуге мәжбүр еді. Біздің қуанышымызға орай Жасұланның негізгі қарсыластары мардымды өнер көрсете алмады. Жұлқа және серпе көтеру сайыстарының қорытындысында 310 келі зілтемірді ырқына бағындырған жерлесіміз армениялық Накоб Мкртчян мен үндістандық Рахул Рагаланы алдыға жіберіп, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. «Шынымды айтсам, өз мүмкін-діктерімді пайдаланған соң, ауыр салмақтарға тапсырыс берген қарсыластарымның қарымын бақылап отыру керек болды. Негізі, мен бұл жүлдені күткен жоқпын. Өйткені, қарсыластарым да шын мықтылар болатын. Алайда, бұйырған кетпейді екен ғой» дейді Жасұланның өзі ағынан жарылып. Иә, 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақ баласы жұлқа көтеруде 139 келіні, серпе көтеруде 171 келілік зілтемірді көтеріп, нәтижесінде 310 келімен жарысты тәмамдаған-ды. Мамандар Нанкин төрінде жүлдеге іліккен Жасұланның болашағы зор екенін айтады. Себебі ол жеке жаттығулар барысында бұдан да ауыр салмақтарды алып жүрген зілтемірші екен.
Табиғат АБАИЛДАЕВ,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




