Аялдаманың аянышты хәлі
Аялдамаға жүздеген адамдар аялдайды. Ол автобусты күтуге ғана емес, көпшілікті мәдениетке үйрететін орын. Ал Тараз шаһарында тұрғындардың аялдамаға деген құрметі қай деңгейде? Көңілдегідей деп айту қиын. Қаланың шетіне бармай-ақ, орталығындағы Әйтеке би көшесіндегі, «Дәмдес» мейрамханасының маңындағы аялдаманың орындықтарын қараңызшы. Сындырып кеткен. Осы аялдаманы қоғамдық көлік келгенше жұрт қиналмай, демалып отырсын деп салды ғой. Ал орындықты қиратып кеткендер не ойлады екен? Қала орталығындағы жағдай осы болса, шеттегі аялдамалардың халі түсінікті емес пе? Бүтінді бүлдіретін қасиетіміз қанша уақытқа созылар екен?
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




