«Енді бір ұрыссақ...»
Кеңес ауылындың тұрғыны болған, марқұм Шәріпбек Бұралхиев деген кісі айтқыш екен. Бірде інісі Серікпен бірге саулық қой төлдетеді. Мал төлдету науқаны өте қиын. Кейбір тұсақ қойлар өзінің қозысын бауырына алмай әурелейді, жетім қозылар бар. Күніне жүзге жуық қозыны енесімен жаңылмай табыстыруың керек. Осындай қарбалас жұмыс бар жерде айқай, реніштер де болып тұрады. Шәкең інілерімен, келіндерімен сөзге келіп қала беретін көрінеді. Содан мал төлдеп бітетін кез жақындап, бұл ағайындылардың түсініспеушілігі азайыпты. Сондай бір көңілді сәтте Шәріпбек малшы:
– Енді бір ұрыссақ, мал да төлдеп бітеді, – депті.
«Мен оны
аяп жүрсем...»
Шәкең қайын жұртына барады. Олар да малшы. Жаймашуақ жаз мезгілі. Есіктің алдына шығып тұрса, бір тұсаулы ат келеді. Шәріпбек әлгі тұлпарға жаны ашып, тұсауын шешеді де жібереді. Әлгі ат аяғы босаған соң бой бермей өріске қарай шауып кетеді. Сөйтсе, қайын атасының малға мінем деп тұсап қойған жылқысы екен. Содан көрші малшылар жабылып, әлгі атты іздеп, тауып әкеледі. Сонда Шәкең:
– Жігіттер, мен оны аяп жүрсем, жақсылық жақпайды екен. Әкеліңдер өзім шештім, өзім тырп еткізбей тұсап тастайын, – деген екен.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




