Дзюдо: Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2019
- 302
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елдос Сметов Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Дзюдодан әлем чемпионаты: қазақстандық балуандар қай күні жарысқа шығадыОралда самбошы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған жарыс өттіPoland Open халықаралық турнирінде балуан қыздар екі медаль жеңіп алдыҚазақстандық спортшылар Варшавадағы еркін күрес турнирінен 6 медаль алды
Елдос Сметов 60 кг салмақта қола жүлде үшін бәсекеде тағы бір қазақстандық Ғұсман Қырғызбаевпен белдесіп, жеңіске жетті.
Елдос ширек финалға дейін Саод Аламириді (Кувейт), Эльиос Манзиді (Италия), Али Хоусровты (Иемен) оңай жеңді. Әйтсе де ширек финалда жапониялық Рюдзю Нагаямаға есе жіберді. Содан кейін жұбаныш белдесуінде тайпейлік Янг Юнг Уэйді таза ұтты.
Тағы бір жұбаныш финалында Р.Нагаяма өзінің атақты отандасы, әлем чемпионы Наоиса Такатоны ұтып кетті.
Ғ.Қырғызбаев жартылай финалда өзбекстандық Шарафутдин Лутфуллаевпен белдесуде иппонға түсіп қалды. Дегенмен оның әлем чемпионатында бесінші орын алуын тым-тәуір жетістік деуге болады.
Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасында 48 кг салмақта Отгонцэцэг Галбадрах сынға түсті. Ол жұбаныш белдесуінде испаниялық Мартинез Абебеленда Лаурадан ұтылып, жетінші орынмен шектелді.
147 елден 900-ге жуық дзюдошы қатысып жатқан әлем чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді