Қараша айында «Еуразия барысы» өтеді
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы өңірде жыл басынан бері атқарылған спорттық іс-шаралардың барысы жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді.
Онда басқарма басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков алдағы уақытта тараздық спорт сүйер қауым қандай мәртебелі жарыстарға куә болатынын айтты. Ағымдағы жылдың қараша айында Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына орай «Еуразия барысы» мега жобасы ұйымдастырылмақ. Былтыр сәтті өткізілген осынау байрақты додаға биыл да 8 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтайтын болады. Жарыс сол бұрынғы форматпен өтіп, республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі деп күтілуде. Сонымен қатар «Тараз арена» спорт кешенінде тастаяқтан әлем біріншілігін өткізуге де басқарма басшылығы ниетті болып отыр. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізіліп жатыр екен.
Баспасөз мәслихатынан тағы бір ұққанымыз облысымызда кенжелеп қалған спорт түрлерін дамыту да қолға алынбақ.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Аймақ абыройын асқақтатқан жампоздар
- 7 қаңтар, 2025
Жуалыда жаңа спорт кешені ашылды
- 30 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді