Дәрігерлер белдің қандай өлшемі адамға қауіп төндіретінін айтты
- author «Ақ жол»
- 21 тамыз, 2019
- 186
Ғалымдар жүрек-қан тамыры ауруы туралы белгі беретін белдің өлшемін атады
НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Бел өлшемінің үлкен болуы жүрек және қан тамыры сырқаты жайлы белгі береді, дейді мамандар.
Мұндай сырқат мықыны 80 сантиметрден аспайтын әйелдер мен белінің өлшемі 94 сантиметрге жетпейтін ерлерде сирек кездеседі екен.
Артық салмақтан бөлек, инфаркт және инсульт аз қимылдап, дұрыс тамақтанбау салдарынан да болуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл дерттердің алдын алу үшін күніне 500 грамм көкөніс пен жеміс жеу керек. Ал күн сайын пайдаланатын тұз мөлшерін 5 грамнан асырмаған жөн. Сондай-ақ, күніне жарты сағаттай спортпен шұғылдану қажет.
Тағы оқыңыз: Жеуге болмайды – ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады
Мамандардың айтуынша, адамдары ең ұзақ өмір сүретін Жапонияда 40 жастантан асқандардың бел өлшемі қадағаланып отырады. Ал Жаңа Зеландия азаматтығын алу үшін дене массасы индексінің анықтамасы қажет екен.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді