Сауда орталықтарында ет сату талаптары сақталмайды – агенттік
- author «Ақ жол»
- 21 тамыз, 2019
- 205
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысының сауда орталықтарында ет өнімдерін сату бойынша көптеген заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Ақмола облысы бойынша арнайы мониторингтік топ мүшелері «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп Көкшетау қаласының сауда орталықтарындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін жүзеге асыруда санитарлық нормалардың ұстанылуына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында жұмыс тобының мүшелері тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бірнеше мәрте бұзылғандығын анықтады. Мысалға, сауда орталықтарындағы ет сақтауға арналған мұздатқыш камералар қажеттілік туған кезде жуылмайды. Сиыр етін сақтау үшін осындай камералардың ішінде қорғаныс қақпақшалары жоқ шамдар қолданылады. Бұл ет өнімдеріне әйнек сияқты қауіпті қалдықтардың түсуінен қорғамайды. Сонымен қатар, температура өлшеу үшін қажетті бақылау-өлшеу құрылғыларының жоқтығы анықталды. Етті сатылымға шығаруға қажетті сөрелер немесе витриналар да жоқ екен.
Мұздатылған етті сату шарттары сақталмайды. Етті түпқоймасыз, жерде сақтайтын жағдайлар да анықталды. Ет шабатын бөлмеде қол жууға арналған шұңғылшалар орнатылмаған.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді