Елбасы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Еlbasy. Кездесу
барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық
даму нәтижелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев
Арыс қаласының әлеуметтік маңызды нысандары мен тұрғын-үйлерді қалпына келтіру
үдерісіне, сондай-ақ Түркістанды дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға ерекше
назар аударды.
Сонымен бірге,
кездесуде ұлттық экономикаға шетел капиталын тарту және ел өңірлерінің
инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қаралды.
Елбасы мемлекеттік
және салалық бағдарламаларды, соның ішінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және
индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруды тиісті деңгейде
қадағалауды қамтамасыз ету үшін Үкімет пен «Nur Otan» партиясының бірлесе
жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді