Жаңалықтар
Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштері құрамасын құттықтады
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2019
- 557
Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштері құрамасын құттықтады
Қазақстан құрамасы халықаралық армия ойындарына қатысқан 39 команда ішінде 3-орынға ие болды
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық армия ойындарында сәтті өнер көрсеткен Қазақстан Қарулы күштерінің командасын құттықтады.
"Сіздер жоғары кәсіби дайындық пен жауынгерлік шеберліктеріңізді көрсетіп, 39 команданың арасынан 3-ші орынға ие болдыңыздар. Игілікті істеріңізде жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!– деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында. Мерейтойлық халықаралық армия ойындары 3-17 тамыз аралығында өтті. Жарыс Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Иран, Қытай және Өзбекстан елдерінің 25 әскери полигонында өтті.
sputniknews.kzАрМИ-де қазақстандықтар сәтті өнер көрсетті
Қазақстандықтарды Мәскеу облысының "Алабино" полигонында марапаттады. "Патриот" саябағында V халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Шараға Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қатысты,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Қазақстандық әскерилер жеке есепте бірнеше мәрте үздік нәтиже көрсетті. Отандық Су-25 экипажы "шабуыл авиациясы" номинациясында бірінші орынды иеленді. Жеке шеберлік сынағында қазақстандық әскери медицина қызметкерлеріне тең келетіндер болмады. Ең қызықты байқаудың бірі - "Танк биатлонында" қазақстандық команда үздік үштік қатарында болды.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




