«Astana Pro Team» командасының сапында «Тур де Франс» велокөпкүндігінің 2014 жылғы жеңімпазы атанған Винченцо Нибали Қазақстан елордасына ат басын тіремек. Бұл туралы Астана қаласы спорт басқармасының баспасөз хатшысы Жанар Өтешева өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
«Астана» клубы Астанаға келе жатыр! Бірнеше күннен кейін елордаға «Тур де Франс» жеңімпазы, «Астана» командасының капитаны - Винченцо Нибали, сонымен қатар көпкүндіктің 21 кезеңі бойы оны жетелеп келген Микеле Скарпони, Якоб Фульсанг, Дмитрий Груздев пен Максим Иглинский ат басын тіремек», - деді Ж.Өтешева.
Оның айтуынша, «Astana Pro Team» 23 тамыз күні Бурабайда велобәйгеге қатысады. Ал 24 күні өз өнерлерін астаналықтарға паш етеді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




