Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген жамбылдық оғлан Нұрсұлтан Жаңабаев кезекті жекпе-жегін өткізіп, жанкүйерлерін әдемі жеңісімен қуантты. Австралияның Сидней қаласында жергілікті боксшы Стив Гагомен қолғап түйістірген Нұрсұлтан өзіне тиесілі WBA Inter-Continental белбеуін сәтті қорғап қана қоймай, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін жеңіп алды. Он раундтық форматта өткен шайқаста Байзақ ауданына қарасты Қызыл Жұлдыз ауылының тумасы өзінің шын мықты екенін дәлелдеп, төрешілердің біржақты шешімімен кездесуді өз пайдасына шешті.
Жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрсұлтан сегізінші жекпе-жегінде сегізінші рет жеңіс тойын тойласа, австралиялық боксшы он екінші шайқасында бірінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.
Кезекті жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген боксшымен жұдырықтасу жерлесімізге оңай тиген жоқ. Оның үстіне Стив Гаго өз жерінде барын салып бақты. Соған қарамастан, жойқын соққыларын қарсыласына дөп тигізе білген Нұрсұлтанның шеберлігіне жанкүйерлер риза болғаны сөзсіз.
«Аллаға шүкір, сегізінші кездесуде де жеңіске жетіп отырмын. Жекпе-жек оңай өткен жоқ. Алайда біз жоғары деңгейдегі дайындықпен келіп, соның арқасында қарсыласымнан басым түстім. Осы шайқасты ұйымдастырған «Suleimen promotions» промоутерлік ұйымына деген алғысым зор. Маған жанкүйер болып, тақымын қысқан барша қазақстандықтарға ризашылығымды жеткізгім келеді. Сіздердің қолдауларыңыз бізді жігерлендіретіні анық. Біздің команданың алға қойған үлкен жоспарлары бар. Болашақта бұдан да мықты қарсыластармен қолғап түйістіріп, көк Туымызды көкте желбіретемін деген ойдамын», – деді шайқас аяқталған соң сөз сөйлеген Нұрсұлтан Жаңабав.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




