Жаңалықтар
Мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді
- author «Ақ жол»
- 14 тамыз, 2019
- 189
Мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен «Ақорда» резиденциясында экономикалық мәселелер бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кеңес барысында биылғы 7 айдағы еліміздің
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Премьер-Министр Асқар
Мамин, Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев, сондай-ақ Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баяндама жасады.
Жиынға қатысушылар отандық тауар өндірушілерді қолдау,
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тарифтер бағасының өсуін
болдырмау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көп балалы отбасыларды тұрғын
үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылыту маусымы мен жаңа оқу жылына дайындық
мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы ел экономикасының дамуына салмақты
серпін беру мақсатында жаңа тәсілдер ұсынудың айрықша маңыздылығын атап өтіп,
бұл үшін Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің және сарапшылар қауымдастығының
үйлесімді жұмысы қажет екеніне ерекше мән берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті мәселелерге қатысты
жедел шешім ұсынумен қатар алдымызда халықаралық нарықтардағы теріс үрдістерді
ескере отырып, экономиканың ортамерзімді келешектегі даму бағдарын айқындау
міндеті тұрғанын атап көрсетті.
Соңында Президент азаматтардың тұрмыс сапасының
төмендеуіне жол бермеу үшін басты назарды олардың мүдделеріне, халық алдындағы
барлық әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуына аудару қажет екеніне баса
мән берді.
kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді