Жаңалықтар
Қазақстаннан 600 мыңнан астам темекі қораптарын заңсыз алып өтпек болды
- author «Ақ жол»
- 8 тамыз, 2019
- 459
Қазақстаннан 600 мыңнан астам темекі қораптарын заңсыз алып өтпек болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан шекарасынан 600 мыңнан астам темекі қораптарын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің Кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз
мәліметтеріне қарағанда, акциздік
маркалары мен құжаттары жоқ темекі қораптары автокөлікті тексеру кезінде
қарбыздың астынан табылды.
«Жайсан» шекара
автобекетінде Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
қызметкерлері мемлекеттік шекарадан өткен Volvo маркалы автокөлігіне тексеру
жүргізді. Автокөлікті тексеру кезінде ондағы қарбыздың астынан акциздік
маркалары мен іліспе құжаттары жоқ 612 500 қорап темекі табылды. Осы факт
бойынша барлық материалдар ҚР Қылмыстық Кодексінің 233, 234 баптарына сәйкес
Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді»,-делінген
хабарламада. Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




