НӘСІБІН КӘСІПКЕРЛІКТЕН ТАПҚАН...

НӘСІБІН КӘСІПКЕРЛІКТЕН  ТАПҚАН...
ашық дереккөз
НӘСІБІН КӘСІПКЕРЛІКТЕН ТАПҚАН...

Ер-азамат   арба сүйресе де, қарауыл болса да отбасын асыраудың жолын табады. Ал әйел баласы ше? Қазір бұрынғыдай нәзік жандылар  төрт қабырғаға телміріп, күйеуінің жұмыстан келуін күтіп, соған ғана сеніп отыратын заман емес. Перизаттың ойы да осы.

23

– Біздің елімізде ерлер мен әйелдер теңдігі бірдей. Ерлер атқарған істің денін біз де атқара аламыз. Мәселен, бұрын көлік рөлінде әйелдер отырушы ма еді? Қазір қандай? Он қыз-келіншектің кемінде біреуі көлік жүргізе алады. Арасында жолаушы тасып, отбасын асырап отырғандар да бар. Тіпті, Пионер ауылының аға шопаны Индира Қазыбаева сынды құрбым атқа мініп, қой бағып жүр. Кәсіпкерлікпен айналыспас бұрын мен көп ойландым. Алайда, елдің сөзінен намыстансам, менің бала-шағамды кім асырамақ деген ойға келдім. Сосын бірде отағасына өзімнің кәсіпкерлікпен айналысқым келетінін айттым. Ол пайдалы кеңестерін айтып, келісті. Мұнан соң аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрқасым Үкібаев пен орталық маманы Айсұлу Жақсылықоваға жолықтым. Олар сөзге келместен мені қолдап, несие алу үшін кезекке қойды. Мақсатым – нан өнімдерін өндіретін цех ашу болатын. Ақыры несие алатын кезегім де жетіп, цех ашуға «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша өткен жылдың соңында 3 миллион теңге несие алып, цехқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алдым. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бағытына қатысып, үш фазалық электр желісін жүргіздім. Бүгінде шағын цехым толық қуатында жұмыс істеп тұр. Ауыл халқына қызмет ету – перзенттік парызым деп есептеймін, – дейді Жасөркен ауылының кәсіпкері Перизат Юсупова.

Дүйсенбек ОРМАНОВ, журналист.

Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар