«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

"Күйеу балаңның өлімін мойныңа ал": Шу тұрғындары полицейлерге қарсы көтерілді

"Күйеу балаңның өлімін мойныңа ал": Шу тұрғындары полицейлерге қарсы көтерілді
ашық дереккөз
"Күйеу балаңның өлімін мойныңа ал": Шу тұрғындары полицейлерге қарсы көтерілді
Шуда полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс бола жаздады
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Шуда тәртіп сақшылары мен тұрғындар арасында жанжал болды. Бұл дауға полицейлердің кезекті құрықтау операциясы себеп. Екі кеште полицейлер үш көлікпен "Аудиді" бүйірден қысып тоқтатады. Сөйтіп жүргізушінің қолына кісен салып, көлікке тінту жүргізбек болған. Бірақ аяқ астынан қаптаған жұрт бұған жол бермеді. Тағы оқыңыз: Тоқаев полицияға қойылатын негізгі талапты атады Жұрттың сөзіне сенсек, полицейлер жазықсыз жанға жала жаппақ болған. Яғни көлігіне есірткіні өздері тастап, оны түрмеге тоғыту ниеті бар дейді. Ал тәртіп сақшылары күдіктінің көлігін көптің көзінше мұқият тексерген. Бірақ ештеңе табылмад, деп хабарлады КТК. Естеріңізде салсақ, бір ай бұрын Шу қаласында полиция майоры айуандықпен өлтірілген. Сол қайғылы жағдай мен осы жанжалдың байланысы бар дейді шулаған жұрт. Көлігі тінтілген азамат – марқұм тәртіп сақшысының қайын ағасы. Біржанның айтуынша, құқық қорғау органдары күйеу баласының өлімін оның мойнына жүктемек болған көрінеді.

"Олар маған қысым көрсетті. Күйеу балаңның өлімін мойныңа ал деді. Болмаса анаша лақтырып, осы жақтағы балалардың бәрін жабамыз деп қорқытқан. Димаш, Елдары бар, полицейдің бәрі келді", - дейді Біржан Халық.

Ал отағасынан айырылған екі баланың анасы жолдасымның қазасына әріптестерінің қатысы бар деп күдіктенеді. Қайғыдан қан жұтқан келіншек ішінде біраз шындықтың бүгіп жатқанын жасырмады. Бірақ жария қылуға жақындарым үшін қорқамын дейді. "Ауруханада жатқанда, маған СМС жазды. Маған бірдеме болса, сен мен үшін жауап аласың деді. Сол кезде Алметов Асхаттың, Димаштың аты, барлық бастықтың есімі аталған. Қанша айтылса да, олар кінәні өз жағына емес, менің бауырыма артып, мойнына іліп жібереміз дейді", - деп ашынды Мөлдір Халық. Полиция департаментінің басшылығы көліктен есірткінің қоқымы да табылмағанын мойындады. Сөйтіп, күдіктілер босатылыпты. Сондай-ақ, осы дау мен өртеп өлтірілген полиция қызметкері арасында еш байланыс жоқ дейді. "Ұсталған үш адамға моральдық жағынан ешқандай қысым болған жоқ. Бәрі заң шеңберінде атқарылды. Оларға қатысты сараптама жүргізілді. Сондықтан халыққа түсіндірілген соң олар тынышталды", - дейді Жамбыл облыстық ПД бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов.

sputniknews.kz

Ұқсас жаңалықтар