Жаңалықтар
Теннис: Кукушкин Лос Кабос турнирінің жартылай финалына өте алмады
- author «Ақ жол»
- 2 тамыз, 2019
- 541
Теннис: Кукушкин Лос Кабос турнирінің жартылай финалына өте алмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Михаил Кукушкин Лос Кабос (Мексика) ATP турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған М.Кукушкин ширек
финалда әлемнің 27-ракеткасы, аргентиналық Диего Шварцманмен күш сынасты.
Бірінші партияда аргентиналық спортшы айқын басымдылық
көрсетті - 6:1.
Екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Ақыры ол матчты
жеңіспен түйіндеді - 6:2.
Бәсеке бір сағатқа жуық уақытқа созылды.
Бұған дейін қарсыластар өзара үш мәрте кездесіп, соның
екеуінде қазақстандық теннисші жеңген еді. Енді есеп теңесті - 2:2.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Лос
Кабос, ал Зарина Диястың Вашингтон турнирінің ширек финалына шыққанын жазған
болатынбыз. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




