Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Тараз қалалық полиция басқармасында сотталған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға 50 азамат шақырылып,оларға жұмыс орындары туралы кеңінен ақпарт берілді, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда тұрғылықты мекенжайы, жұмыссыз және тұрақты табысы жоқ адамдар түрлі құқықбұзушылықтарға барып жататындығы жасырын емес. Осыған дәлел, үстіміздегі жылдың басынан бері Тараз қаласында 300-ден астам қылмыс тіркелген. Оның 80 пайызы – ұрлық.
– Тіркелетін қылмыстардың дені қаражат табу мақсатында жасалатыны белгілі. Бүгінгі жиынның да мақсаты есепте тұрған азаматтарға жұмыс орындарын ұсынып, тұрақты жалақымен қамтамасыз ету. Шара барысында келушілердің барлық сұрақтарына жауап беріліп, 30-дан астам бос жұмыс орындары таныстырылды. Жалпы, жыл басынан бері 60-тан астам есепте құрған азаматтар жұмысқа тұрғын. Шара өз нәтижесін беруде, – дейді Тараз қалалық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Мұрат Құдайбергенов.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері бұрын істі болған азаматтарды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен кездесуге шақырды. Іс-шара барысында олармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары туралы баяндады.
Аталмыш шара жазасын өтеп шыққандарға екінші рет қылмыс жасамаулары үшін тиімді әдіс болып отыр. Алайда, кездесуге шақырылғандардың үштен бір бөлігі ғана ұсынылған бос жұмыс орындарына қызығушылық танытты. Сондықтан, алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмысты одан ары жандандыру көзделіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




