Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық челенджді қолдайтынын айтты
- author «Ақ жол»
- 26 шілде, 2019
- 184
Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық челенджді қолдайтынын айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдайтынын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында жазды. «Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге
асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына
айналдырайық. Бірге - Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар! #Birge #TazaQazaqstan»,-деп
жазды Президент.
Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм
Мырзағалиевті қабылдап, халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыруға және
қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тарту жөнінде тапсырма берген болатын.
Артынша
министрліктің бастамасымен #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы
жарияланып, аталмыш акция аясындағы шараларға Үкімет басшысы Асқар Мамин де қатысқан болатын.
«Мен бұл акция бүкіл Қазақстан бойынша жалғасатынына сенімдімін. Бұл жобаны Қазақстан аймақтарында дамытуға шақырамын. Акция жалпыхалықтық сипат алып, елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына жол ашады деп сенемін», - деді Асқар Мамин.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді