Қайта айналып келмейді
Елес боп қалды есімде, Көктөбенің төсінде. Қыдырып бірге жүрген кез, Алматының кешінде.
Самалмен көңіл жарысып, Арманмен ойлар қауышып. Аспанға алып ұшқандай, Айменен тіл табысып.
Көк көлдей тұнық көңілім, Жан емес едім өңі мұң. Жарасып-жайнап көрігім, Бақытты еді өмірім.
Өмірімнің көктемі-ай, Жылыстап жылдар өткені-ай. Қайта айналып келмейді, Сол сәт енді, әттең-ай.
Жәмилә Алдажарова. Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




